Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау қалалық құрылыс бөлімінің есебі өткізілді

 

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді. Жиналысқа қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауыл әкімдері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселеде қалалық құрылыс бөлімінің 2022 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары бойынша бөлім басшысы Орынбек Тындыбаев баяндады. Кентау қаласы, «Оңтүстік» (55га)  аумағының инженерлік  инфрақұрылым  құрылысының электр  желілері  және  жол  бөлігінің   ЖСҚ-лары әзірленіп,   сараптама қорытындысы  алынды.  Ш.Уалиханов көшесі бойында 5 дана  көпқабатты тұрғын  үйлердің орындарын ауыстыру бойынша жаңа жер учаскілері белгіленіп, мемлекеттік актілері қайта әзірленді.  «Нұрлы-жол» (15-ші) шағын  ауданындағы көпқабатты  тұрғын үйлердің соңғы  нұсқалары  бекітіліп, қазіргі  таңда  қаланың  бас  жоспарына  сәйкес жерге  орналастыру,  сәулет-құрылыс  бөлігін әзірлеу  жұмыстары  орындалуда.  «Қаратау»  ықшам  ауданында  жол және кәріз  желілерінің  ЖСҚ–сын  қайта  түзету жұмыстары  аяқталды. Қарнақ ауылында 300 орындық  мәдениет  үйінің  құрылысы нысанының жобалау-сметалық құжаттамаларын  сметалық  бөлігі  қайта есептелініп,  жоба  2016 жылы  әзірленуіне  байланысты, «КазНИИСА»  АҚ-нан типтік  жобасының  үлгісі  алынып,  үлгі  бойынша  жоба  әзірленуде. 

Екінші мәселеде облыс және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөнінде қала әкімі аппараты басшысының м.а. Әшім Елеусізов баяндама жасады. Хаттамалық тапсырмалар бойынша бүгінгі таңда облыс әкімдігінен 24 тапсырма берілген, орындалмағаны екі тапсырма. Қала әкімі тарапынан жалпы 348 хаттамалық тапсырма берілген. Оның ішінде орындалғаны 174 болса, орындалмағаны 23, қалғаны тұрақты және мерзімі бар тапсырмалар.

Кеңес барысында қала әкімі бөлімдер тарапына соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындардан түскен ескертпе, шағымдарға талдау жасап, келесі отырыста баяндалуын жүктеді. Хаттамалық  тапсырмалардың әр бірін жіті қарап, орындалғаннын қадағалауға алуды тапсырды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды

admin

«Арыс» футбол клубы бірінші лигада өнер көрсетеді

admin

Жоғарғы Сот қылмыстық істер бойынша сот практикасына талдау жасады

admin