Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мақтааралда шекарашылар күні аталып өтті

Мақтаарал ауданы — шекаралы аймақ. Аудан Өзбекстан Республикасының 2 облысымен, оның ішінде 5 ауданымен шектеседі. Сондықтан да, өңірде тұрғындар шекарашылардың қызметіне ерекше құрметпен қарайды. 

Биыл ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты Мырзакент кентінің орталық алаңында арнайы ұйымдастырылған салтанатты кеш өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, күн-түн демей ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашы сарбаздарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудан басшысы бір топ сарбаздарды өзінің алғыс хатымен марапаттады.

«Тәуелсіздік жылдары еліміз мемлекеттік шекарамызды заңдық тұрғыдан халықаралық қауымдастық алдында мойындатты. Осы тұрғыда кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін, ұзындығы 15 мың км-ден асатын еліміздің шекарасын күзету оңай шаруа емес. Сіздер елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарап, өздеріңізге артылған жүкті абыроймен көтеріп келесіздер» — деді Бақыт Насырханұлы.

Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан батырларымыздың ерлігі жырланып, шекарашы сарбаздар әскери өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, шекарамыздан басып кірмекші болған терроршы, контрабандашылармен күресу шараларынан көрініс көрсетті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Oрдабасы: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтердің сапасына көңіл бөлу барысы талқыланды

admin

11-22 қыркүйек аралығында мемлекеттік гранттың III-легі басталады

admin

Шымкентте жол ережесін бұзған самокат пен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

admin