Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды

 Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылы жоспарланған 190 жобаның 173-і іске асырылып, нәтижесінде 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, отандық өнеркәсіптің ел экономикасына қосқан үлесі едәуір артты.

Олардың қатарында Chery, Changan, Haval, Tank қытайлық брендтерінің жеңіл автокөліктерін шығару, тамақ өнеркәсібіне арналған алюминий қаптамаларын, тұрмыстық техника, болат құбырлар және тоқыма материалдарын өндіру бойынша ірі жобалар бар, – атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Бұл жобалар толық қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жыл сайын қосымша 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Шардараның шарболаттары әлемді тағы да мойындатты

admin

ШЫМКЕНТТЕ ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА СҰРАНЫС АРТҚАН

admin

НҰР-СҰЛТАНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ САУДАЛАНУДА

admin