Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғамҚұқықСаясат

«Шексіз өнер — тең мүмкіндіктер»: Түркістанда ерекше балаларға арналған мерекелік кеш өтті

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында Түркістан қаласында ерекше балаларға арналған «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік концертте балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, сән үлгісін көрсетті.

Концерт аясында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қолдау мен қамқорлықтың маңызы айқын көрініс тапты.

Бағдарлама барысында көрермендер назарына ерекше балалардың қатысуымен өткен сән көрсетілімі (дефиле), бишілер мен өнер иелерінің бірлескен заманауи әрі тақырыптық би қойылымдары, сондай-ақ жүрекке жылу сыйлаған әсерлі әндер ұсынылды.

Сәйкес жаңалықтар

«САЙРАМ КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІ» АРНАЙЫ КЕШЕНІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

Түркістан облысының кішкентай полицейлері жүргізушілерді Конституция күнімен құттықтады

admin

Мотокөлік жүргізушілеріне арналған профилактикалық шара өтті

admin