Түлкібас: маман иелерімен кездеу өтті
Жастар –қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен ер намыстың символы. Олар қай кезде, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, қадам басты.Осы мақсатта Түлкібас кенті клубында ағымдағы жылдың қараша айының 30 жұлдызында «Болашаққа үміт-жастарға сенім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Түлкібас кенті клубының меңгерушісі М.Бекбердиева, Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы-Ерлан Сейфулаев, Түлкібас кентінің әкімі Е.Айтымбетов, кәсіпкер П.Әбдібекова, жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Бердібек, аудандық Шамшырақ газетінің тілшісі Г.Бисенқызы, аудандық мәдениет үйі жастар бөлімінің меңгерушісі –Шолпан Жұмабайқызы және Түлкібас кенті мектептерінен, емханадан, 555 –өнер орталығының жас мамандары қатысты. Кент клубының әдіскері-Рауан Ерболұлы дөңгелек үстел барысын жүргізіп отырды. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзінің мамандығыңа деген, жұмысыңа деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жүрген өзінің жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, таңдауларына қалай келгені жайлы келген қонақтар ортаға бөлісті.
Жиынға қатысушылар мемлекетті нығайтудың әрі еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың ең маңызды факторына айналуы тиіс мемлекеттік қызметшілерлдің кәсіби, жастар тиімді уақытын дұрыс пайдалану керектігі жайлы талқыланды. Сондай-ақ «Әйел-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамының кез-келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатқанында атап өтті. Өйткені қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі-жастар. Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген екен. Біздің бүгінгі міндетіміз –Мағжан сенген жастар болып саналы білім алып, саналы ұрпақ болып, ұлт мүддесі үшін қызмет ету. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, әр бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Ел сенімін, үмітін ақтау жастардың қолында.