Түлкібас: педагогикалық идеялар фестивалі

Түлкібас ауданының білім бөлімі 2023 жылдың 4 желтоқсаны күні “Түркібасы” ЖББМ базасында ” Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсының аудандық кезеңі болып өтті.

Фестивальдің мақсаты- педагогтердің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестивальдің ережесіне сәйкес әр түрлі бағыттар бойынша аудан педагогтері таратуға лайықты педагогикалық идеяларды ұсынды.

Фестиваль бағыттары:

” Білім беру жүйесіндегі менеджмент”

 “Шеберлік политрасы”

 “Шығармашыл толқын”

 “Сабақ аяқталған соң…”

 “Психолог сандықшасы”

TEDx форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяларды  ұсынған педагогтер идеяның өзектілігі, зерттелуі, өз саласына қызығушылығын, көрнекі материалдарды пайдаланып практикалық қажеттілігін аудиториямен байланыс орната отырып тақырыптарын қорғап шықты.

 Жаңашыл мұғалімнің құрылымдық – мазмұндық моделін қалыптастыру жолында орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәрбие алмасудың өзекті мәселелері Фестиваль барысында талқыланып, пікірталас алаңдары жүзеге асырылды.

ПІКІР ЖАЗУ