Түлкібас: мектеп басшыларымен өткізілген кеңес

​​2023 жылдың 4 желтоқсан күні Түлкібас ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында қараша айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің облысымыздың 5 аудан, қалаларындағы білім мекемелеріне жүргізген зерделеу қорытындысы нәтижесі бойынша орын алған кемшіліктердің аудан мектептерінде орын алмауының алдын алу жұмыстарын пысықтау мақсатында жиын өткізілді.

​Аталған жиынға барлық білім беру ұйымдарының мектеп директорлары және бөлімнің әдіскерлері қатысты.

​Жиын барысында “Дарынды оқушыларды пәндер олимпиадаларына дайындық жұмыстары мен ғылыми жоба жұмыстарының қорытындысы туралы “, “Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау,  олардың орнын толықтыру және тиімді жүргізу, оқу үлгерімі төмен білім алушылармен ұйымдастырылған жұмыстар туралы ” баяндалып, айтылды. Сонымен қатар, “Қазақ тілі мен әдебиеті,  орыс тілі мен әдебиеті , ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау барысында көрсетілген көмек пен жасалған ұсыныстары туралы” пән әдіскерлері тоқталып өтті және жіберілген  кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып, жұмысты дұрыс үйлестіру талаптарының орындалуы туралы да кеңінен түсіндірілді.​ ​

​Алдағы уақытта жиын барысында талқыланған мәселелер бойынша тиісті қадағалау шаралары атқарылатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ