Түлкібас ауданы әскери және технологиялық дайындық семинары өтті

Қандай бір мемлекет болмасын, алдымен оның тас болаттай қуатты, Отанын қорғай алатын өз әскері болуы шарт. Сондықтан ел болашағы жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, әскери дайындықта шыңдағаннан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз белгілі.

Осыған орай, 2023 жылы 5 желтоқсан күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің дене шынықтыру және әскери дайындық пәні әдіскері Ж. Абиловтың ұйымдастыруымен алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы- ұйымдастырушыларға  әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім беретін  мектепте Түлкібас ауданы мектептерінің  алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқытушы–ұйымдастырушылардың «Мен Қазақстанның патриотымын» атты

1 күндік аудандық семинары  өтті.  

 Семинардың мақсаты :

-белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың пән бойынша білімдерін дамыту және оларды әскери патриоттық тәрбиеге баулу болды. Семинарда  Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің әскери және технологиялық дайындық пәнін оқытушы –ұйымдастырушысы Көмеков Марат «Калашников автомотын жартылай бөлшектеу және жинақтау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сонымен қатар, әскери жетекшінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларының «Жасұлан» және «Жасқыран» командаларының  арасында әскери -спорттық байқау өтті. 

 Семинарда Қ. Жандарбеков  атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері Абылғазиева Лиза, Усенова Гулзира және Тасыбаева Ботаның   ұйымдастыруымен  тәуелсіздік  күніне орай, «Тәуелсіздік мәңгі болсын –тұғырың» атты арнайы концерттік қойылымдар көрсетті.

Семинарға Ш. Уалиханов атындағы ЖББМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері  Шинтаева Зубайда,                                                 Қ.Жандарбеков атындағы ЖББМ-нің ардагер ұстаз Абылаев Абулшахмет қатысып, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Семинарда 10 -сынып оқушылары Қадыралы Нұрмухаммед, Абдижаппаров Нұрасыл, Есенали Аружан, Асильбек Нұрлы, Кенжебек Нұрсенім,                          Құлажан Ұлжан  белсенділік танытты.

Семинар қорытындысы бойынша үздік оқушылар мектеп әкімшілігінің мақтау грамоталарымен марапатталды.

Түлкібас ауданы білім  бөлімінің дене шынықтыру және әскери дайындық пәнінің әдіскері  Ж. Абилов семинар жақсы   деңгейде өткенін, семинарда  өткізілген  іс-шаралардың келешек Отан қорғаушыларды дайындауда зор үлес қосқанын атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ