Түркістан облыстық білім басқармасы және «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы ұйымдасырумен, Түркістан облысы Сайрам ауданы «Бабыр атындағы №7 жалпы орта мектеп» базасында Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жауапты маманы Раймкулова Жанат Абдикалыкқызының ұйымдастырумен жаратылыстану пәндерінің (биология, химия, физика, география) облыстық тәжірибелік семнары өтті.
Мақсаты: жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің оқушының жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру амалдарын қолдану біліктерін дамыту
Міндеттері:
— Педагогтерге пән мазмұны бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерінің бағыттарын көрсету;
— Педагогтердің PISA тапсырмаларымен жұмыс дағдыларын дамыту бойынша көмек беру;
— Педагогтердің зерттеу әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Төмендегі пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесін практикамен ұштастырып баяндамалар (зерттеу жұмыстары бойынша), Шебер-сыныптар (PISA тапсырмалары бойынша) бойынша көмектерін берді.
- Баяндамалар (зерттеу жұмыстары бойынша)
— Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін өмірде қолдана алуы мысалдары Айдарова Жанар С.Сейфуллин ат. ББЖМ
— Биология сабағындағы эксперименттер мен жаратылыстану сауаттылығы Маханова Ахмарал Мыктыбековна Абай ат.МЛ
— Химия сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту Сурашова Гульжан Сейсеновна Ә.Науаи ат.ЖББ Географияны оқытуда Pısа және ББЖМ тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту Бекбарова Мақпал Нуридиновна
— Б.Момышұлы ат. ЖББМ
— — PISA- халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы Пернебекова Замира Маханбетовна М.Ломоносов ат. мектеп- гимназия биология
- Шебер-сыныптар (PISA тапсырмалары бойынша)
— Физика сабағында PISSA, МОДО тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту
Джумабекова Гулназ Айтбекқызы Абай ат.мектеп-лицей физика
— Биология сабағында оқушылардың жоғарғы ойлау дағдыларын дамыту амалдары Назымбекова Береке Шалбайқызы М.Ломоносов ат. мектеп-гимназия
— Функционалдық сауаттылық және білім: жаңашыл бағыттар мен педагогикалық тәжірибе әдістері Алиева Акмарал Полатхановна Б.Момышұлы ат. ЖББМ
— География пәнінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары Нургалиев Сакен Жубанбаевич
— Ә.Молдағұлова ат. ЖББМ география
Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, баяндама және коучинг өткен мұғалімдерді «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталғының Мадақтамасымен марапаттады.

