Түлкібас: кәсіби бағдар беру жұмысы жандандырылуда

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты М.Лермонтов атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогы Таштемирова Асия Оразалықызы 2023 жылы 06  желтоқсан күні 11- сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Шымкент қаласындағы «Шымкент қалалық орыс театры» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы барып,  эксурсия жасады.

Экскурсия актерлық, техникалық, педагогикалық, экологиялық білім негізімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Экскурсия мектеп оқушылырының ой-өрісін кеңейтуге, ақпараттық білімін   толықтыруға, қоршаған ортамен байланысын, ғылымның сан алуан қыр-сырын тануды, адамдардың бір-бірімен байланысын қарастыру сияқты спектілерге негізделді.

Экскурсия барысында мектеп  оқушылары жоғары оқу орнының барлық  факультеттерімен және  мамандық түрлерімен  танысып, біраз ақпарат алды және қалай жоғары оқу орнына түсуге болатыны жайлы  мағлұматтар алды. Осындай мектеп оқушыларына кәсіби бағдар бойынша жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп, мамандық таңдау бойынша өз үлесін тиімді қосуда.

ПІКІР ЖАЗУ