Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам: аудан әкімі А.Сәбитов Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың басты тапсырмасы- ауылдың дамуына, халықтың табысының артуына, тұрғындарды жұмыспен қамтуға арналған. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттырып, оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді.

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов 58 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Әулиекөл көшесінің тұрғындары тротуар, жол, трансформатор, табиғи газ, мектеп салу мәселелерін көтерді. Аудан басшысы қарашаның 5 -іне дейін аталған көшеге транформатор орнатып, тас төсеп беруге уәде берді. Ал газ, жол, свет, тротуар мәселелері бойынша үстіміздегі жылы жобалық сметталық құжаттары әзірленіп , 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатынын айтты. Сонымен қатар, Мектеп құрылысын яғни жекеменшік мектепті жеке кәсіпкерлер тарапынан салдыру жоспарда бар екенін жеткізді.

Бұдан соң аудан әкімі А. Сәбитов Қарабұлақ ауылында орналасқан Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиында Рүстемов көшесіндегі қызыл сызықта орналасқан нысандарды қалыпқа келтіріп, көшені абаттандыру, гүл отырғызуға арналған (бордюр) қоршауларды алып тастап, оның орнына автотұрақ жасап беру туралы өтініштер айтылды.Сондай-ақ, «Ардагерлер саябағын» жоспарға сәйкес, басқа жерге көшіру мәселелері көтерілді.

Жалпы, бүгінгі кездесу ерекше форматта өтті. Аудан басшысы ауыл тұрғындары көтерген проблемалық аймақтарға тұрғындармен бірге барып, түйіткілді мәселелердің шешілуіне мейлінше күш салатынын айтты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: жайлы мектептерге арналған жиһаз өнімдері таныстырылды

admin

Шымкентте биыл мыңға жуық отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамыталады

admin

Түркістан облысының полицейі қазақтың ұлы ақынына арнау шығарды

admin