Сарыағаш: ауданда «Жастармен бірге» атты гала- концерт өтті
Сарыағаш ауданының орталық алаңында 5 мыңнан аса тұрғын жиналды. Түркістан облысының құрылғанына – 5 жыл толуына орай, ұйымдастырылған «Еңбек лагеріне» облыстағы қала, аудандардан 100-ге тарта жастар келіп қатысқан жобаның соңы, «Жастармен бірге» атты гала- концертіне ұласты. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев гала-концертті салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз алды.
– Жастар еліміздің болашағы, мақсаттарыңызбен жоспарларыңыз айқын болып,еліміздің дамуына үлсе қосуға ат салысатындарыңызға кәміл сенемін. Жастардың сұранысы бойынша елімізге танымал өнер жұлдыздары бүгін ауданымызға келіп отыр. Баршаңызға мерекелік көңіл күй тілеймін, – деді аудан басшысы өз сөзінде, сонымен қатар облыстың үздік жастарын марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, тұрғындардың көңілі сергіді. Өнер жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би биледі. Шара соңы мерекелік от шашумен аяқталды.