Ордабасы: “Аудан әкімінің кубогі” үшін шахматтан ашық біріншілік өтті
Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, шахмат ойынын халық арасында дамыту, қолдау, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Темірланда “Аудан әкімінің кубогі” үшін жасөспірімдер арасында шахматтан ашық біріншілік өтті.
Адамның ой-өрісін кеңейтетін, күшті емес ойды қажет ететін шахмат сайысы Ордабасы Аудандық Мәдениет Үйінің екінші қабатында болып өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов ашып, Түркістан, Шардара, Жетісай, Келес, Бәйдібек, Мақтарал, Сарыағаш аудан қалалардан келген жас шахмат майталмандарына сәттілік тіледі.
Жалпы шахмат жарысының өткізілген мақсаты ауданымызда бұл спорт түрін дамытып, білім ошақтарында ұлттық ойындарымыздың бұл түрін кеңінен насихаттау.
Дәстүрлі түрде өткізілетін жарысқа 6-9, 10-13, 14-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер бақ сынады. Ойын қорытындысында I-орын Темірлан,II-орын Төрткүл ауыл округіне бұйырса, III-орынды Келес ауданының жас шахматшысы жеңімпаз атанды. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ордабасы аудандық мәдениет, тілдердерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Темірлан спорт клубы” КММ-сі медал грамоталарымен марапаттады.