Келес: комиссия отырысында маңызды мәселелер қаралды

Келес ауданының әкімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Жәнібек Ағыбаевтың басшылығымен  2023 жылдың 21 қарашада Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Бекітілген жоспар бойынша Комиссия отырысының күн тәртібінде жалпы екі мәселе қаралды. Атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық үгіт-насихаттық медиа іс-шаралардың барысы туралы» Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің және «Аудан аумағындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері және салық салу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының баяндамалары тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аталған мәселелер жөнінде және басқа да бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жиынға қатысқан мекемелер басшыларынан жыл қорытындысымен комиссия отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша нәтижесі қаралатындығы жөнінде ескертілді.

ПІКІР ЖАЗУ