Ерболат Досев – Алматы қаласының әкімі

Қасіретті қаңтар еліміздегі билік тарапын біраз ауыс-түйіске әкеліп соқтырды. Соның ішінде төңкеріс ошағы болған Алматы қаласының әкімі ауысты. Бұған дейін Ұлттық Банктің төрағасы болған Ерболат Досаев енді Алматы шаһарының басшысы.

  • 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.
  • 1987 жылы – Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық Мектеп-Интернатын бітірді.
  • Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
  • 1997 ж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
  • 2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
  • 2003 – 2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
  • 2004 – 2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
  • 2006 – 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызы – 2016 жылғы 5 мамыр аралығында -Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы 16 мамырдан – «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

ПІКІР ЖАЗУ