Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Қиын да күрделі құрылым қызметкерінің бір күні

«Полицияның бір күні» айдарының бүгінгі кейіпкері ішкі істер саласының күрделі құрылымының қызметкері — Мұхтар Тұрсынұлы Нұрмұхаметов. Ол Кентау ҚПБ жедел-криминалистикалық тобының техник-криминалисі лауазымында қызмет атқарады.

Маман ретінде өз жұмысының қыр-сырын толықтай меңгерген, ісіне адал. Құзыреттілік, объективтілік, жауапкершілік талап ететін құрылым қызметкері дене даярлығы бойынша шымыр, спортпен шұғылдануда белсенді.

Ол күнделікті қызметінде қылмыскер қалдырған іздерді табуды, бекітуді, алуды, криминалистикалық зерттеулер жүргізуді және криминалистикалық есептер бойынша тексеруді жүзеге асырады. Бір сөзбен айтқанда оның жұмысының нәтижесінде күдікті анықталады. Криминалистің жұмысы нағыз ғылыми детектив сияқты, себебі әрбір ұсақ детальді талдап, қылмыстың жұмбағын шешеді. Полицей криминалистің жұмысы қауіпті әрі маңызды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

plans to ride out Hurricane the Florence on a boat

admin_bainews

Кез келген мәселе ескерусіз қалмайды

admin

Более полумиллиона человек посетили мероприятия ко Дню города Алматы

admin