Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: бірнеше көшені су басты

Бүгін тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі  бірнеше көшені су басты. Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде  аталған елдімекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

admin

Депутат Шымкентте мәдениет үйлерінің құрылысын аралады

admin

Hands on with the Apple Watch Series 4 to block users

admin_bainews