Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Маңғыстаулық мұнайшылар Президенттен араша сұрады (ВИДЕО)

Маңғыстау облысында мұнайшылар еңбек дауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, деп жазды turkystan.kz.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларының айтуынша, еңбек дауына басшылықтың қысқартуларға қатысты уәдесінде тұрмауы түрткі болған.

«Компанияда жүргізген жаппай қысқартудан кейін жұмыссыз қалғандардың саны артты. Басшылық бізді әу баста мәжбүрлеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Кейін жұмысқа қайта қабылдауға уәде берген болатын. Амалымыз таусылған соң соған келісім бердік. Бірақ компания басшысы уәдесінде тұрмады», – дейді жұмысшылар.

http://https://vk.com/video322074173_456239395

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

admin

Төлебиде ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған орталық ашылды

admin

Журналист билік пен бұқара арасындағы көпір екенін ұмытпау керек – Бибігүл Құламан

admin