“Сидақ ата” кім болған?

Сидақ ата қаласы, I-VIII ғғ. Түркістан қаласынан басыста 20 шақырым, Шымкент-Қызылорда автомобиль тас жолының сол жағында 2 шақырым жерде орналасқан. Теңіз деңгеиіне биіктігі 218 метр. Цитадель және оңтүстік бөлігі алаңы бар төбе түрінде . Одан бөлек солтүстік бөлігін терең сай бөліп жатыр. Қалашықтың солтүстік бөлігімен есептегенде жалпы ауданы 7,7 га шәхәрістаны 6,2 га, цитаделі 1,4 га. Цитаделге кіретін жол оңтүстік бөлігімен жасалған.
1946-1951жж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Бернштам) зерттеулер нәтижесіндегі археологиялық әдебиеттерде мәлімет бар.
1947 жылы А.Н.Бернштам зерттеуді қорытындылай келе қаланы б.з.д. 1 мыңжылдығының басы аралығымен мерзімдеген.
1966 жылы қаланы Хорезм археологиялық экспедициясы (С.Толстов) зерттеп 1-5 ғғ мерзіміндеген.
1960жылғы «Қазақстан Археологиясының картасында» қалашық «Садық ата» деген атаумен аталып, 1-9 ғғ аралығымен даталанған. Қазба жұмыстары 2002-2004 жж аралығында қайта жалғастырылып қаланың 1-8 ғғ арасында өмір сүргендігі нақты дәлелденді. Жалпы қорғау аймағы 15,0 га.

ПІКІР ЖАЗУ