Түркістан споршылары жарады
![](https://bainews.kz/wp-content/uploads/2022/01/273039408_1105468553534760_5883242285790644971_n-720x613.jpg)
БАӘ мемлекетінің Абу-Даби қаласында жастар мен ерсектер арасында аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 60-қа жуық мемлекетінің ең мықты спортшылары қатысты.
Әлем чемпионатында Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 4 спортшы сынға түсті. Нәтижесінде олар 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Атап айтсақ, 47,6 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Манақова күміске иелік етсе, 52,2 келіде сынға түскен Алтынай Мергенбай қола жүлдені жеңіп алды.
![](https://bainews.kz/wp-content/uploads/2022/01/272993952_1105468446868104_5634633417596351344_n.jpg)
Тағы бір айта кетерлігі, дүбірлі сында Қазақстанның намысын қорғаған Бекзат Жасия қарсылас шыдатпай, әлем чемпионы атанды. Бекзат — Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тумасы. Бүгінде Шымкентте шеберлігін шыңдап, күллі елдің абыройын көтеріп жүр. Абу-Даби төріндегі долада отандасымыз 65,8 келі салмақ дәрежесінде финалда испаниялық Хуан Искьердоны жеңді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі