Жоғалған қыз Алматы қаласынан табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 18 жасар қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды. Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша күндізгі сағат 16:00 шамасында өзінің 18 жасар қызы аудан орталығындағы жұмысына барып келемін деп үйінен шығып, содан оралмаған, деп хабарлайды  ainews.kz

Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Таныстарының үйін толық аралап, жақын құрбыларынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырды. Нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласыннан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз жұмыс жасап, ақша таппақ болған. Осылай ата-анасына көмек беруді ойлаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді. Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

ПІКІР ЖАЗУ