Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемБасты жаңалықЖаңалықтарҚоғамСаясат

Президент жолдауы: цифрлық экономика әр азаматқа қолжетімді болуы тиіс

Цифрлық экономика мемлекеттің қатысуымен дамитын сала ғана емес, әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нақты құралға айналуы керек. Президент жолдауына пікір білдірген саясаттанушы Айдар Әмребаев осылай дейді.

Сарапшының айтуынша, халықты цифрлық экономикаға тартуға басымдық берудің маңызы зор. Бүгінде көбіне бос уақытты өткізу үшін пайдаланылатын замандық технологиялар жұмыс іздеудің, жеке бизнесті дамытып, қосымша табыс табудың тиімді құралына айнала алады.

«Бұл – әсіресе жастар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашатын өте маңызды үндеу. Қазір цифрлық технологиялардың көмегімен жақсы табыс тауып, өз идеясын жүзеге асырып, жеке жобасын дамытуға болады», – деп толықтырды сөзін Айдар Әмребаев.

Сарапшы жолдауда белгіленген басым бағыттар цифрлық экономиканы одан әрі дамытып, азаматтардың жаңа технологиялық үдеріске қатысу аясын кеңейтуге қосымша мүмкінді беретінін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

«Екі қыздың әкесімін»: Ербол Қарашөкеев қоғамдағы қыз алып қашу мәселесіне қатысты ойын айтты

admin

Тоқаев ЖЕЭК-тің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

admin

Отырар: ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастыру арқылы дамытудың маңызы зор

admin