Түркістан облысында биыл 70-ке жуық ауыл әкімі сайланды

Түркістан облысының 16 ауданындағы 87 сайлау учаскесінде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Атап айтқанда, 19 ауыл округі әкімдерінің сайлауы жанама түрде,  68 ауыл округі әкімдерінің сайлауы тікелей сайлау негізінде өткізілді. Өткізілген сайлаулардың қорытындысы бойынша Ленгір қаласының және 67 ауыл округінің әкімдері сайланды. Бұл туралы брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

«Саяси науқанда 286 учаскелік сайлау комиссиялары белсенділік танытып, 336 467 сайлаушы дауыс берді. Ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу барысында 318 үміткер ұсынылып, жалпы 236 үміткер тіркелді. Оның ішінде, өзін-өзі ұсынғандар – 139 азамат болса, саяси партиялардан ұсынылғандар саны – 89. Сайлауларды жарамсыз деп тану және қайта өткізу туралы негіздер болған жоқ», – деді Әлібек Кәденұлы. 

     Сайлауда ел ықыласына бөленген 35 әкім қайта сайланса, 33 үміткер алғаш рет әкім лауазымына ие болды. Сайлаудан кейін үміткерлерден және сенім білдірген тұлғалардан сайлауға байланысты 26 өтініш түскен.  Сондай-ақ, 3 талап-арыз сотқа жолданып, оның екеуі қанағаттандырылған. 

ПІКІР ЖАЗУ