Сарыағаш: жастармен ашық форматта кездесу

Бүгін ауданда  Жастарды бауырмалдыққа, өзара қарым-қатынасын нығайтуға, белсенді шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында  жастармен кездесу өтті.

Іс-шараның жалғасы аудан басшысымен жастардың еркін форматтағы кездесуіне ұласты. Аталған кездесуге облыстық мәслихат депутаты Ж.Сүлейменов, аудан әкімі Арман Абдуллаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Бектаев, аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, ауданның және басқа да 15 ауданнан келген жастар қатысты. Келелі кездесуде алғаш болып сөз алған Арман Абдуллаев:

– Бүгін өздеріңізбен еркін форматта кездесіп отырмыз. Мен жастарға сенемін. Елімізді өрге сүрейтін мақсаты және оған жетуге жоспары жастар өздеріңіз. Сіздердің әрқайысысыңыз тыңнан түрен салып, тың идеялармен елдің әлеуетін арттыратындарыңызға сенімдімін. Ашық форматта сауалдарыңызға жауап беруге дайынмын» -,деді.

Ашық форматтағы кездесуде жастар түрлі тақырып төңіргенде көкейдегі сауалдарын әкімге жолдады. Сондай-ақ аудан басшысы жастарды үнемі қолдап, оларға үлкен сеніммен қарайтынын жеткізіп, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мекемелерге тапсырма жүктеді.

Түркістан облысының құрылғанына – 5 жыл толуына орай, ұйымдастырылған «Еңбек лагеріне» облыстағы қала, аудандардан 100-ге тарта жас келіп қатысты. Лагердің алғашқы күнінде қатысушылар арасында түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылса, келесі күні курортты ауданда экскурсия өткізіп, интеллектуалды ойын ойнады.Сонымен қатар, сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып,жайдарман ойындарында үздік ойын көрсетті.

ПІКІР ЖАЗУ