Аптап ыстыққа байланысты елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды
ERNUR.KZ. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды, – деп жазады Tengrinews.kz.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі.Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 09 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. 09 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында 34-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 09 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей ұақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 09 шілдеде Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. 09 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысында, оңүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 09 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей ұақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. 09-10 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. 09 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 09 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 09 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 09 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.