Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда «армандар орындалады» жобасының кезекті шарасы өтті

Түркістан қаласында он екінші рет ұйымдастырылған «Армандар орындалады» шарасы өтті. Жиынға Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатысты.

Тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен Түркістанның көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ерекше балаларға жігерлендіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев алғыс хатпен марапаттады. Онда «Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, білім мен ғылымға деген талпынысыңыз үлкендерге де күш-жігер береді. Қазақ елінің жас ұрпағы, болашақтың жарқын өкілі ретінде мақтан етеміз» делінген.

– Балалар да, ата-аналары да керемет көтеріңкі көңіл-күймен атсалысуда. Осымен 203 ерекше баланың арманын-тілегін орындаған жоба алдағы уақытта да ниетті жандардың атсалысуымен жалғасады деп сенемін. Демеушілер де түрлі сала мамандары. Бұл жолы Жетісай ауданы әкімі бастаған ондықта Сауран аудданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, белгілі актер Шәкен Амантұров, астаналық кәсіпкер Рафия Бижанова да бар, – дейді жоба авторы Әсел Бимырзаева.

Айта кетейік, жоба мақсаты – ерекше балалардың қарапайым армандарын орындау арқылы өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, қоғамда елеусіз қалмайтындарын, әрқашан көмекке келетін жақсы адамдардың бар екенін жеткізу.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап, апат жасаған мас жүргізуші қолға түсті

admin

Түркістан облысында полиция қызметкерлеріне арналған іс-шара жүргізілді

admin

Ордабасы: Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Боралдай ауылындағы Н.Оразбаев жалпы орта мектебінде тұрғындармен кездесу өткізді.

admin