Жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізілді

Жол жүрісі ережелерінде автокөліктерде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасы алынып тасталды

ҚР ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында түсіндіргендей, бұл Кеден одағының техникалық регламентінде көру аумағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қарастырылғандықтан жасалды. Әйнектерді қараңғылау, жарық өткізгіштігінің белгіленген пайызына және олардың қауіпсіздігіне жол беру көлік құралдарын өндіруші зауыттар орнатқан, боялған массаға және зауытта жасалған қараңғыланған әйнектерге қатысты.

Сондай-ақ ол көлік құралын тоқтатқан кезде полиция қызметкері мен жүргізушінің, оның ішінде жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы да түсініктеме берді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу – көлік құралын тоқтату үшін негіз болып табылады. Полиция қызметкері бұл іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды көрсетуге міндетті емес

Қ.Сұлтанбаев халықты толғандырып жүрген тағы бір мәселе – терезені қараңғылау туралы айтып өтті.

«Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық, өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген. Көру аймағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар төмендегідей міндетті нормаларды қамтиды. Олар көлік құралын дайындаушымен, яғни заводом изготовителем шығарылған әйнектермен жабдықтауға; жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болуына шектеулер қою; жүргізуші үшін алдыңғы көру аймағын қамтамасыз ететін әйнек пен әйнектің жарық өткізгіштігі кемінде 70% құрауы тиіс; түстердің теріс қабылдануына ықпал ететін қою бояуды пайдалануға және алдыңғы әйнектердің боялуына жол берілмейді», – деді Комитет басшысы.

Толығырақ: ortcom.kz сайтында

ПІКІР ЖАЗУ