Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қылмыстық іс қаралды
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Ж.Кенжибаевқа, Н.Мұсаевқа және О.Қараевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот үкімімен:
– Кенжибаев ҚК-ің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы, 194-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотталған. Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
– Мұсаев ҚК-ің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің, 1) тармағы бойынша 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.
– Қараевқа ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, Кенжибаев пен Қараев ҚК-ің 190-бабы 2-бөлігі 1) тармағына сәйкес жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
Кенжибаев, Мұсаев және Қараев алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адамдармен ірі мөлшерде пара беруге итермелеу, Кенжибаевта бопсалау, Мұсаев Н.К. – алаяқтық бойынша кінәлі болып танылған.
Сот алқасы істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.
Кенжибаевтың, Мұсаевтың және Қараевтың қылмыс жасаудағы кінәлары дәлелдермен дәлелденді.
Бұл жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, алу және тінту хаттамалары, беттестіру, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдары, сараптамалық қорытындылар сияқты дәлелдемелер.
Кенжибаев пен Мұсаевтың бопсалау және алаяқтық фактілері бойынша әрекеттері дұрыс сараланған.
Бұл ретте пара беруге итермелеу үшін сотталғандардың әрекеті алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған деп дұрыс емес құқықтық баға берілген.
Іс материалдары Кенжибаев, Мұсаев және Қараевтың жәбірленушінің кінәсінен Кенжибаевты полиция қызметкерлері ұстады деген әңгімені ойлап тапқаны анықталды. Одан кейін олар жәбірленушіні Кенжибаевты босату үшін пара беруге көндірген.
Жәбірленуші оларға 1 500 000 теңге аударған, олар өз қалауы бойынша оны иеліктен шығарған.
“Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау практикасы туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес айдап салушылардың әрекеті қылмыс жасау ретінде саралануға тиіс.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының үшінші бөлігінің 1) тармағында көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы, егер олар екі немесе одан да көп адам пара беруге итермелесе, өйткені бұл қылмыстың объективтік жағында алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы пара бергені үшін жауаптылық көзделген.
Алқа осындай мән-жайлар бойынша сотталғандардың әрекеті ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігіне алдын ала сөз байласу бойынша белгісіз адамдар тобы едәуір мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде қайта саралануға жатады деп санады.
Соңғы жаза Кенжибаевқа – 6 жыл 6 айға, Мұсаевқа – 5 жыл 6 айға, Қараевқа – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.
Сонымен қатар, сотталғандардың барлығына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.