Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлебиде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекеттер атқару» тақырыбында жиналыс өткізілді

Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының төрағалығымен, Ленгір қаласы № 8 колледжінің мәжіліс залында, «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекеттер атқару» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа «Жастар ресурстық орталығы», ауыл билері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, колледж мамандары мен белсенді студенттер қатысты. Бөлім бастығы елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған оқиғаларды жеткізіп, ауданымызды жастар үшін қауіпсіз ету үшін бірлесе жұмыс атқару қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, колледж мамандары мен ауыл билері ауыл аймақтарда, жастар көп шоғырланатын жердерде, мектеп, колледж алдында полиция күштерін көбейту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Төлеби аудандық полиция бөлімі.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында төтенше жағдай зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

admin

Түркістан: жағажайда қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

admin

Сайрам: тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет үйі пайдалануға берілді

admin