Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жоғарғы Соттың судьялары әріптестерімен кездесті

Жоғарғы Соттың судьялары Абай Рахметулин, Асқаржан Кенжеғарин және Нұрлан Құрманғалиев Астана қаласы мен елорданың аудандық соттарының, ҚР Әскери соты мен гарнизондардың әскери соттарының судьяларымен кездесті.

Жоғарғы Соттың судьялары өз сөздерінде құқық қолдану практикасына, қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезіндегі, соның ішінде, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау кезіндегі ерекшеліктерге кеңінен тоқталды.

Заңды дұрыс қолданбау салдарынан сот актілерінің күшін жоюға және өзгертуге әкеп соқтырған сот практикасынан нақты мысалдар айтылды.

Бұл туралы айта келе, баяндамашылар қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарының, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормаларын мүлтіксіз орындауға, сот практикасының біркелкілігін қалыптастыруға тоқталды.

Кездесуге қатысушылар құқық қорғау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге жан-жақты жауаптар алды.

Кездесулер соңында Жоғарғы Сот судьялары азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және өзін-өзі дамыту бойынша тұрақты жұмыстың басымдылығына тоқталды.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: ауданда «жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы жүруде

admin

​Елордада Агроқалашық елдімекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды

admin

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ЖАС ДАРЫН-2»

admin