Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: ауданда «жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы жүруде

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты.

Айта кетсек,аталған елді мекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме өкіліне алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Сондай-ақ,ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 мектептің құрылыс жұмыстары жүруде.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана құрылысын қолдаудың жаңа тетіктері біріктірілді

admin

Ақмола облысына Астана қаласынан 85-ке жуық техника көмекке келді

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗДАРҒА ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ КӨРСЕТІП, ЖОБАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

admin