Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентауда өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.

Тілсіз жаудың алдын алған жөн. Бүгін Кентау қаласы Төлеби көшесі  №59А көпқабатты тұрғын үйге шартты өрт — тактикалық оқу жаттығу ұйымдастырылды.  Оқу жаттығуға 2 өрт сөндіру автокөлік 1 өрт авто сатысы және  жеке құрам 10 адам қатысты.

Оқу жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының дағдыларын практикалық пысықтау және қала тұрғындарын төтенше жағдайлар орын алған кезде іс-әрекетін үйретіп көрсету.

Оқу жаттығу кезінде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар далаға шығарылды. Іште қалып қойған жас бала мен орта жастағы азамат құтқарылды. «Мұндай оқу-жаттығулардың кәсіби шеберлікті арттыруға ықпалы мол. Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтт. Алдағы уақытта да өз жалғасын табатын боладыі», деді – Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркиядағы наразылық басылар емес

admin

Президенттің Түркістандағы Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларын жүзеге асыру жоспары қабылданды

admin

Түркістан облысында конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді

admin