«Түркістан таланттары» жобасы өңір қаламгерлерімен Қазығұрт ауданында жалғасын тапты

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен “Кітапханадағы ашық есік күні-2023”  эстафетасына кітап көрмелері жасалынып, Түркістан облыстық әкімдігі, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жолға қойылған «Түркістан таланттары» жобасы өңір қаламгерлерімен Қазығұрт ауданында жалғасын тапты.

Кеш кейіпкерлері – өлкемізге белгілі ақындар Абай Қалшабек, Бекмұрат Анарбаев және Асан Үсіп. Модераторлық еткен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым жүргізді.

Кешті Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы құттықтау сөз сөйлеп, кеш кейіпкерлеріне  алғыс хаттар табыстады. Қонақтарға арнайы жасақталған «Қаламгер құдіреті» кітап көрмесі таныстырылды. Ақындар өз шығамаларынан өлең оқып, жиналған көрерменге ұлағатты әңгімелерін айтып, көпшілік ықыласына бөленді. Кездесуге жиналған халық ақын ұлдарына сұрақ қойып, пікірталас тудырды. Қорытынды сөзді «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазығұрт, Төле би аудандарының Құрметті азаматы, Құрмет Орденінің иегері  Омаров Аманбай атамыз ақындарға өз батасын беріп , аудан әкіміне сый құрмет көрсетті.

ПІКІР ЖАЗУ