Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жетісай: аудан әкімінің кезекті қабылдауы өтті

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жеке және қоғамдық мәселелерімен келуші тұрғындарға кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауға аллын ала жазылған азаматтардың ұсыныстары мен өтініштеріне сәйкес жауапты сала мамандары, тиісті бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аппарат басшысы Есен Алданиязов қатысты.

Келушілердің басым бөлігі үй кезегіне қою, баспана және материалдық көмек, кәсіпкерлік ісін жүргізу үшін жер телімін алу, азаматтық іс бойынша құқықтық кеңестер сұраушылар болды.

Айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша тиісті сала мамандарының пікірлерін тыңдаған аудан басшысы заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды.

«Тұрғындар бізге түрлі өтініштерімен келеді. Әрбір азаматтың өз айтары бар. Жұмысымызға қатысты сын да айтылады, мақтау да естиміз. Айтылған сын негізді болса дұрыс қабылдап, оң қорытынды шығара білуіміз керек. Сонда ғана халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген оң көзқарасын қалыптастыра аламыз» деді Серік Үсенұлы.

Сәйкес жаңалықтар

Арыс: әкімдік өкілдері қожатоғай тұрғындарымен кездесті

admin

Кентау қаласы әкімінің өкімімен Кентау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Баубек Асқар Есенбайұлы тағайындалды.

admin

Air Astana Таяу Шығыста қалған 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды

admin