Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: аудан орталығындағы мәдени нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Шаян ауылындағы мәдени ошақтарды аралады.

Бірінші кезекте биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға берілген 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапханда болды.  Екі қабатты ғимаратты толық аралап көрген аудан әкімі кітапхана қызметкерлерімен тілдесіп, жұмыс жоспарларының барысымен танысты. Мекеме басшысына бар жағдайы жасалған кітапханада жас ұрпақты, балаларды кітап оқуға қызықтыру, оқырмандар санын көбейту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін назарға салды. Аралауда нысанға байланысты бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, ретке келтіруді тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан тілдерді оқыту және дамыту орталығында болды. Мекеме директоры тілдерді оқыту орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.

Сондай-ақ Ерлан Нұрмаханов аудандық мәдениет үйінің жағдайымен де танысты.  Ауқымды іс-шаралар өтетін ғимаратты толық аралап көрген аудан әкімі сала мамандарымен мәдениет үйіне қажетті құралдармен қамтамасыз ету, «Тәуелсіздік» алаңындағы сахнаны жөндеу мәселелерін талқылады.

Сәйкес жаңалықтар

Партиялық бақылау комитетінің кезекті жұмыс жиыны өтті

admin

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

admin

Түркістандық құтқарушыларға өрт сөндіру көліктері табысталды

admin