Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді

Қазығұрт ауданы өзінің киелі топырағымен қатар көптеген спорт шеберлерінің нәтижелерімен де мақтана алады. Олай дейтініміз, бұл өңірден спорттың әр түрінен республикалық, халықаралық дәрежелерде чемпиондар жиі шығып тұрады.

Жақында Қарағанды қаласында пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионаты өтті. Білек күші мен жүрек күші қатар сынға түскен дүбірлі додада жерлесіміз 50 жасар Досалиев Артық Сапарәліұлы пауэрлифтингтің 6 түрінен әлем чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты. Артық Сапарәліұлы осы пауэрлифтингтен спорт шебері. Сондай-ақ, бұған дейін 4 дүркін Азия чемпионы, 1 рет Европа чемпионы атанған. Енді міне әлемді бағындырып, елге үлкен жеңіспен оралды.

Жеңімпаз спортшымызды аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қабылдап, жеткен жетістігімен құттықтап, ел спортының дамуына қосып жүрген үлесі үшін аудан халқының атынан алғыс айтып, арнайы бағалы сертификат пен Алғыс хатын табыстады. Артық Досалиевке үлкен құрмет көрсетіп, болашағына сәттілік тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

АҚШ пен Қытай арасында соғыс басталуы мүмкін

admin

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын аралап, жұмыс барысын көрді.

admin

Өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған

admin