Түркістан полициясы ескертеді: мас жүргізуші-қылмыскер
Түркістан қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығын “қауіпсіз мекенге” айналдыру мақсатында тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздік пен жергілікті тұрғындардың тыныштығын сақтап келеді. Яғни тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алып, орын алған әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың дер кезінде ашылуына жұмыс жасауда. Жол бойында түрлі апатты жағдайлардың орын алмауы үшін патрульдік полиция қарқынды қызмет атқаруда.
Төмендегі бейнероликте көлікті мас күйде басқарудың салдары, оның ішінде адам өміріне қауіп төндіретіні, мүліктеріне зардап келтіретіні көрсетіледі.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы орны толмас өкініш пен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі