Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты форум өтті

Созақ ауданы Шолаққорған ауылында орналасқан Мыңжылқы мәдениет үйінде, «НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ, БІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ » атты форум болып өтті.

Ауқымды шараға Созақ ауданы әкімі орынбасары Маманов Серік, Созақ ауданының зиялы өкілдері мен білім бөлімі және полиция қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Форумның шымылдығы театр өнерпаздарының «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты сахналық көрінісін қоюмен ашылды.

Сонымен қатар сөз алған Созақ ауданы прокурорының орынбасары Н.Талипов, Созақ ауданы полиция бөлімінің басшысы Ж.Нысанбаев қоғам назарындағы ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндамалар жасап форумның маңыздылығын атап өтті.

Форум соңы Созақ аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасына ұласты.

Сәйкес жаңалықтар

Көктайғақ пен тұман: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

admin

Түркістан: Д.Сатыбалды жұмыссыздық мәселесін шешудің жолдарын нақтылады

admin

Түркістанда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту мақсатында семинар өтті

admin