Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Тәуелсіздіктің 35 жылдығына 35 мың азық-түлік себеті таратылмақ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен “Рамазан сыйы” қайырымдылық марафоны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске қолдау білдірді. Ол жыл басында жолдаған Бағдарлық баяндамасында тәуелсіздікке 35 жыл толуына орай ел бойынша ауқымды іс-шаралар өткізу қажеттігін атап өткенін еске салды.

Осы бастама аясында қасиетті Рамазан айында республика көлемінде тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай “35 мың азық-түлік себетін тарату” қайырымдылық акциясын өткізіп отырмыз. Бұл игі шара – егемен ел ретінде орныққан бірлігіміз бен ынтымағымыздың, бауырмалдық пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Тәуелсіздік бізге тек еркіндік қана емес, үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал жауапкершіліктің өлшемі – елге қызмет ету. Біздің діни саладағы ұранымыз: Қожа Ахмет Ясауи бабамыз айтқандай, “Хаққа қызмет халыққа қызмет етуден басталады”, — деді Бас мүфти.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасып, жалпы саны 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу көзделді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттің құрамасы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері арасында үздік атанды

admin

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті

admin

Түркістанда «Кone turki dasturi» атты этнофестиваль өтті

admin