Түркістан: Келестегі бес ауылдық округте футбол алаңдары салынды
Келестегі жаңа стадиондарда ауыл тұрғындары доп теуіп, спорттық сайыстар өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан аумағындағы орталық стадион да қайта реканструкциядан өткізіліп, Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды. Келес ауданындағы жаңадан салынған футбол алаңшаларында ауыл тұрғындары доп теуіп, спорттық сайыстар өткізуде. Солардың бірі Біртілек ауылдық спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында денсаулықтың негізгі бастамасы спортты дәріптеу, жастар арасында достық ұғымын арттыру мақсатында мектеп оқушылары арасында “Спорт бізді біріктіреді” атты спорттың кіші футбол түрінен жарыс болып өтті. Жарысқа Біртілек ауылдық округіне қарасты мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты. Аталған іс-шарада жастар өздерінің ептілігі мен қоса шапшаңдығын танытты. Айта кетейік, Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылуда. Келес ауданында 5 кіші футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, бүгінде пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Біртілек, Бесқұбыр елді мекеніндері мен Ақтөбе, Бірлік, Бірлесу ауылдық округтерінде жаңа типтегі кіші футбол алаңдары салынды. Одан бөлек, аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен елді мекендерде футбол алаңдары салынуда. Аудан аумағындағы орталық стадион да қайта реканструкциядан өткізіліп, Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды.