Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлап сатқан күдікті ұсталды

Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлап сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ktk.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда қараусыз жайылып жүрген екі бас жылқысы мен құлынын белгісіз біреу ұрлап кетіп, 1 миллион 200 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарына кірісті. Осы мал ұрлығы қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында төлебилік қырағы полицейлерден жедел-терегу тобы құрылды. Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрланған жылқының бірі мал базарда сатылып тұрған жерінен анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны мал бағумен айналысатын ер адам болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті ер азаматтың жоғарыдағы екі мал ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Ол жылқылардың жайылымда қараусыз жүргенін пайдаланып айдап әкетіп, өзінің қорасына жасырған. Содан мал сатумен айналысатындарға арзан бағаға сатып жіберген. Түскен ақшаны бас пайдасына жұмсаған. Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді

admin

Түркістан: «дипломмен ауылға» бағдарламасымен 13 мыңнан астам жас маман жұмыс тапқан

admin

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

admin