Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Дзюдошы Әділет Алмат – Австриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2 жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру

admin

Шымкентте “базар жастары лигасы” басталды

admin

«Қаржыны үнемдеу қажет». Биыл Астана халықаралық форумы өткізілмейді

admin