Түлкібас: «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналады

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін біліп айтқан.  

Түлкібас ауданы бойынша 53 спорт зал (А. Пушкин ат. АТМЛ  -2 дана,

С. Бреусов ЖОМ – 2 дана), 150 спорт алаңдары, 25 гимнастикалық қалашықтар бар. Мектептерде спорттың 12 түрінен 11700 оқушы үйірме жұмыстарына қатысады.

 Дене шынықтыру  пәні бойынша 257 мұғалім қызмет атқарады.

 2023-2024 оқу жылы Қазақстан Республикасының құрылғанына 32 жылдығына орай, «Ұлттық мектеп лигасы аясында» мектеп оқушылары арасында спорттың 11 түрінен аудандық жарыс жоспарланып, өтуде.

Лиганың мақсаты-оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту , білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болып табылады.

2022-23 оқу жылының қорытындысы бойынша Түлкібас ауданының мектеп оқушылары Түркістан облысы бойынша алдыңғы қатарда болса, Республикалық жарыста М. Әуезов атындағы  ЖББМ 5-6 оқушылары жеңіл атлетикалық кросстан 1орынды, С.Бреусов атындағы  ЖББМ 9-11 сынып оқушылары 3 орынды, столдағы теннистен Абай атындағы  МЛ 7-8 сынып оқушылары 2 орынды, бес асықтан Ғ. Мұратбаев атындағы ЖББМ 7-8 сынып оқушылары 3-орынды, 9-11 сынып оқушылары 3 орынды жеңіп алды.

9-17 қазан 2023 жылы 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында «Былғары доп» футболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа 40 мектептен 600 оқушы қатысты. Абай МЛ, Т. Әубәкіров, С. Бреусов, Ю. Гагарин, Жамбыл, Б. Садықов, Т.Рысқұлов, А.Макаренко, С.Сейфуллин ЖББМ оқушылары белсендікпен қатысып,  жүлделі орындарға  ие болды.

19-20 қазан 2023 жылы 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында жеңілатлетикалық кросстан  аудандық жарыс өтті. Жарысқа 50 мектептен 500 оқушы қатысты. М. Әуезов, С. Бреусов, Дауан, О. Кошевой, А. Макаренко ат.ЖББМ  оқушылары жүлделі орындарға ие болса, А. Гайдар, М. Лермонтов,

М. Ломоносов, Ә.Науаи, “Алғабас -1” ЖББМ оқушылары белсендікпен қатысты.

13-21 қараша 2023 жылы 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында волейболдан   аудандық жарыс өтуде. Жарысқа Ә. Молдағұлова ЖББМ, М. Ломоносов МГ, Ш. Мұртаза, Абай МЛ, «Түркібасы» ЖББМ, М.Лермонтов ЖБММ, Ш. Мұртаза МГ, Жамбыл ЖББМ,

Б. Момышұлы ЖББМ, С. Рахымов ЖББМ  оқушылары белсендікпен қатысуда.                           

Жарыстардың жоғары дәрежеде өтуіне Ю.Гагарин атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Сарбасов Нұржан,  Беисейтов Нұрбол, Тналиев Ақжол, «Жанкент» ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Ешимбетов Нұрлан, Т. Рысқұлов атындағы ЖББМ дене шынықтыру мұғалімдері Жаналиев Сарыбай, Керімқұлов Әсет, С.Бреусов атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мыңжасаров Бахтыбек, Қонысбеков Бақтияр, Ә.Науаи атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Хасанов Камилжан, М. Лермонтов  атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Асырауов Е, «Түркібасы» ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Мирхаликов Миракбар, М. Ломоносов атындағы МГ дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрмантай Нұржан, Жамбыл атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Сарсепбаев Ерман, Т.Рысқұлов ауылындағы спорт мектебінің, Майтөбе ауылындағы спорт мектебінің, “Амангелді”  атындағы НОМ, «Түркібасы» ЖББМ, С. Сейфуллин атындағы ЖББМ, «Қабанбай» НОМ  әкімшіліктері және дене шынықтыру пәні бірлестіктері және аудандық емхананың дәрігерлері қолдау көрсетті.

Бағдарламада баскетболдан, футзалдан, «қол добы» гандболдан, столдағы теннистен, асық атудан, бес асықтан, шахматтан, тоғызқұмалақтан жарыстар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қарсаңында өткізу жалғасын табады. Барлық ата-аналарға, ауданымыздың спорт сүйер қауымына алғысымызды білдіре отырып,  келе жатқан ұлық мереке, Тәуелсіз Еліміздің Егемендігі- мерекесі құтты болсын!              

Қазақстан Республикасы мәңгілік ел болуына бірлесе еңбек етейік!

ПІКІР ЖАЗУ