Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Тағы да қар мен жаңбыр: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» Қазақстан аумағы бойынша 22 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің үш бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттардың ықпалымен елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, ал батыстың шеткі аумақтарында және оңтүстік облыстардың таулы өңірлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсуі ықтимал, солтүстік пен орталықта көктайғақ болады, батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Облыстың екі ауданындағы полиция басшыларының есебі департаментте тыңдалды

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау аудынанда тәулік бойы рейдтік шаралар жүргізілуде

admin

В ШЫМКЕНТЕ НАБЛЮДАЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ТЕМПЫ РОСТА ЭКОНОМИКИ

admin