Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте жыл соңына дейін 6 551 пәтер беріледі

? Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкентте тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың баспана жағдайын жақсарту жұмысы кең ауқымда жүргізіліп, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
? Осы бағытта мегаполисте жыл соңына дейін 6 551 пәтер тапсырылады. Оның ішінде 1 126 жалдамалы пәтер және 3 692 несиелік пәтер бар.
? Бүгінге дейін қала тұрғындарына жалпы саны 1 733 пәтер кілті табысталды. 876 отбасы несиелік пәтерге ие болса, 857 отбасы жалдамалы үйлі болды.
? Баспаналы болған тұрғындардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар бар. Сонымен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар, бюджет саласының қызметкерлері баспанамен қамтылды.
? Енді жыл соңына дейін 4 818 пәтер иелеріне тапсырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен интеллектуалды сайыс өткізілді

admin

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі үндеу жасады

admin

ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

admin