Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

Облыс орталығында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жасалуда.
Шаһарда бүгінде аталған жоба аясында 200-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар: «Жеңіс» саябағы, «Алтын Орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базар бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясында іске қосылған. Камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты — 30 күн.
Жоба мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасын арттыру, қаладағы қылмыстың санын төмендету болып табылады.
Бейнебақылау камералары іске қосылғалы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 187, 188, 293 баптары бойынша 80-ге жуық қылмыстық іс ашылған.
Одан бөлек, шаһар аумағының қауіпсіздігін күшейту мақсатында 11 дана «SOS» шұғыл жәрдем батырмасы қойылған болатын. Батырмалар арқылы оқыс оқиға болған жағдайда, Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерімен тікелей байланысып, көмек алуға болады.
Бүгінде аталған батырмалар «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және Кіші арбат пен Керуен сарай кешенінде жұмыс жасауда.

Сәйкес жаңалықтар

Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды. Кімдер тағайындалды?

admin

ШЫМКЕНТ: «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде

admin

Абайда ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

admin