Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен интеллектуалды сайыс өткізілді

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен облыстық және аудандық соттың судьяларымен сот қызметкерлері интеллектуалды сайыс өткізді. Түркістан облыстық сот төрағасы А.Сұлтанов іс-шараны ашық деп жариялап, оның маңыздылығына тоқталып, дана Абай ардақтаған,  жыр алыбы Жамбыл жырлаған шешен тілді қорғау – Отанды қорғаудан бірде-бір кем емес. Бабадан — балаға, ғасырдан — ғасырға жеткен баға жетпес құндылықты көздің қарашығындай сақтау — біздің перзенттік парызымыз екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.   

Бәсекеге түсіп, бағын сынамақ болған үміткерлер  «Сәлем – сөздің анасы»(сәлемдесу, топты таныстыру), «Білімді мыңды жығар»(мемлекеттік тіл мен медиацияға қатысты сұрақтарға жауап беру), «Сөздің көркі – мақал»(мақалдың жалғасын табу), «Өнерлінің өрісі –кең»(өнер сайысы) шарттары бойынша сынға түсті.  

Созақ аудандық сотынан – «Теріскей» атты тобы, Төлеби аудандық сотынан – «Ой-зерек» атты тобы, Кентау қалалық сотынан – «Үш би» атты тобы, Сарыағаш аудандық сотынан – «Сая» атты тобы, Келес аудандық сотынан – «Болашақ» атты тобы, Арыс аудандық сотынан – «Арыс жұлдыздары», Отырар аудандық сотынан – «Жалын» атты тобы, Қазығұрт аудандық сотынан – «Қазығұрт», Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан – «Алаш қырандары» атты топ атауларымен қатысқан топтар арасында өткен сайыс аса тартысты өтті.  

Сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен 1 – орынға «Ой-зерек» тобы лайық деп танылса, 2 – орынға «Теріскей» тобы ие болды , ал жүлделі 3 — орын «Арыс жұлдыздары» тобына бұйырды. Үлгі боларлық рухани азық берген шара көрермендердің есінде көпке дейін қаларлықтай сәтті аяқталды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды

admin

Арыста жол картасы аясында салынған оқу ғимараты пайдалануға берілді

admin

Қазақстан мен Ресей парламентшілері ынтымақтастықты күшейтеді

admin