ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗДЕГІ БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫН АЛЛЮМИНИЙ БАНКАЛАР ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Шымкент қаласында жыл соңына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады.

Индустрияландыру картасы енген бұл жоба «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 145 жұмыс орнымен ашылатын бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылса, 19 млрд теңге көлеміндегі соманы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылды.

Жылдық қуаты 500 млн дана қалбыр банкалар шығаратын өндіріс орны еліміздегі шкі сұраныстың 65 пайызын қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, индустрияландыру картасы шеңберінде қаламызда биыл 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 40 млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 758 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде биылғы сегіз айда 5 жоба іске қосылып, 385 жаңа жұмыс орындары ашылған. Тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құраған.

ПІКІР ЖАЗУ