Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ақмола облысында 50-ден астам жұмысшы жалақысыз қалған: 7 миллион теңге қарыз анықталды

Ақмола облысында коммуналдық кәсіпорын 51 қызметкерін жалақысыз қалдырған. Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жұмыс ақысы үшін берешек өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды.

«Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегінің қалыптасқаны анықталған. Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды, — деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлегені анықталған.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция 300-ге тарта тұрғынның жол саласына, автокөлік басқаруға қатысты сұрақтарына жауап берді

admin

58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана күрделі жөндеуден өтуде

admin

МӘМС жарнасын уақытылы төлеу арқылы барлық медициналық қызметке қолжеткізе аласыз

admin