Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Берекелі отбасы»сурет байқауы өз мәресіне жетті

Балаларды отансүйгіштікке, салт дәстүрді құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті.

«Берекелі отбасы» тақырыбында өткен бұл байқауға 12-жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарған полиция капитаны Болат Бөпібековтің ұлы Намазбай Ернұр І-орынды иеленді. Екінші орын полиция майоры Адилбек Букеновтің қызы Жолдасбек Нуриллаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынға полиция капитаны Ержан Датқаевтың Абсаттар Кәусар лайық деп танылды.

Шараға қатысқан балаларға ынталандыру сыйлықтары мен Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаты табысталды.

Бақытты балалар бақытты отбасында өседі дейді халқымыз. Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды сақтау ата -ананың басты міндеті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Састөбе мен Түлкібас кентіндегі және Майтөбе ауылындағы ауруханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады

admin

Партиялық бақылау комитетінің кезекті жұмыс жиыны өтті

admin

Шымкент қаласы Абай ауданында заманауи ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді

admin